Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Зарина Дияс Токио Олимпиадасын бірінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан.
Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.