21 шіл, 2021 сағат 20:27

Токио-2020: Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды


Жапонияның Токио қаласында өтетін кезекті Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. 

Токио-2020 жазғы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 25 паралимпиадашы спорттың 7 түрінен ел намысын қорғамақ. 

Айта кетейік, Токио-2020 тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойыны. 

Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей: 

Суға жүзу: 

1. Нұрдәулет Жұмағали 

2. Нұрәлі Советханов 

3. Сиязбек Далиев 

4. Ержан Сәлімгереев 

5. Зульфия Ғабидулина 

6. Роман Агалаков 

7. Әлия Рахымбекова 

Жеңіл атлетика: 

1. Дастан Мұқашбеков 

2. Салтанат Әбілқасымқызы 

Дзюдо: 

1. Жанбота Аманжол 

2. Зарина Байбатина 

3. Теміржан Дәулет 

4. Даяна Федосова 

5. Әнуар Сариев 

6. Ғалымжан Смағұлұлы 

Каноэ: 

1. Бейбарыс Спатай 

Тхэквондо: 

1. Нұрлан Домбаев 

2. Нышан Өмірәлі 

3. Камила Досмолова 

Пауэрлифтинг: 

1. Давид Дегтярев 

2. Раушан Қойшыбаева 

3. Рахмеджан Хамаев 

4. Гульбану Әбдіхалықова 

5. Алина Солодухина 

Оқ ату: 

1. Айсұлу Жұмабаева