25 шіл, 2021 сағат 15:12

Токио-2020: Кирилл Герасименко жарысты жалғастырады


Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен жарыстың келесі сатысына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған Чехиядан келген Любомир Янчарик қарсылас болды. Тартысқа толы кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетсек, үстел теннисінен Анастасия Лаврова жарыстың алғашқы сатысынд жарыс жолынан шығып қалды.