28 шіл, 2021 сағат 20:18

Токио-2020: Ертең Қазақстан спортшыларынан кімдер сайысқа түседі?


Токио төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар спорттың төрт түрі бойынша сайысқа түседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. 

Ертең қазақстандықтар өнер көрсететін спорт түрлері мынадай:

08:30 Су добы. Ерлер 

Алдын ала іріктеу раунды. Қазақстан — Испания

12:00 Теннис. Әйелдер. Жеке разряд, Жартылай финал. 

Елена Рыбакина — Белинда Бенчич (Швейцария)

14:15 Бокс. Ерлер

75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұл — Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)

14:18 Садақ ату. Ерлер

1/32 финал. Ильфат Абдуллин — Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)

15:51 Бокс. Ерлер.

+91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев — Юсри Резк Мұстафа Хафез (Египет).