22 шіл, 2021 сағат 13:06

Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды


Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер

48 келі

Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Ю. 

Ерлер

60 келі

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі

Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі

Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі

Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесудегы қарсыласы - моңғолиялық Саид Моллаи.

90 келі

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.