28 шіл, 2021 сағат 09:30

Токио-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды


Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады, деп жазады Olympic.kz.

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын. 

Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді. 

Айта кетелік, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына тек қана Надежда Рябец жолдама алған болатын.