Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылардың қарсыласы белгілі болды. Отандық екі спортшы да А тобында сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Айта кетелік, Токио додасында ауыр атлетикадан Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон сынға түседі.
Олимпиадада бақ сынайтын зілтеміршілер тізімі:
Әйелдер, 55 келі:
- Кристина Шерметова (Түрікменстан);
- Габриэлла Лопес (Мексика);
- Эунжи Хам (Оңтүстік Корея);
- Хидилин Диас (Филиппин);
- Муаттар Набиева (Өзбекстан);
- Ляо Цююнь (Қытай);
- Нуха Ландулси (Тунис);
- Зүлфия Чиншанло (Қазақстан);
- Камила Конотоп (Украина).
Ерлер, 61 келі:
- Юли Ираван (Индонезия);
- Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы);
- Игорь Сон (Қазақстан);
- Ким Туан Тач (Вьетнам);
- Шота Мишвелидзе (Грузия);
- Еичи Итоказу (Жапония);
- Фабин Ли (Қытай);
- Чан-Хун Као (Тайбэй);
- Давиде Рую (Италия).