27 шіл, 2021 сағат 14:33

Токио-2020: Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды


Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының белді өкілі Абылайхан Жүсіпов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан америкалық Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, елдің ең тәжірибелі боксшыларының бірі жарысты жүлдесіз аяқтады.


Абылайхан Жүсіпов - Қарағанды облысының тумасы, 24 жаста. Боксшы 2016 жылы 19 жасында 64 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген еді. Ал 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль иеленген. 

Олимпиаданың 1/8 финалында Қазақстан толық құраммен өнер көрсетеді. Бұған дейін алғашқы кезеңде 57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов, 63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин мен 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов жанкүйерлер атап кеткен "қазақ салмағында" сынға түскен. 69 келіге дейінгі салмақта 2004 жылы Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Серік Сәпиев және 2016 жылы Данияр Елеусінов Олимпиадада алтын медаль иеленген.