21 шіл, 2025 сағат 12:52

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін «Бағанашыл» балалар үйі Алматыда қалатын болды

Фото: Afm_rk

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдан Қонаев қаласына көшіру жоспарланған «Бағанашыл» балалар үйінің жағдайымен танысып, бұл нысанды оңтүстік астананың балансына беруді тапсырды, деп хабарлайды Ult.kz президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

Хатшы мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді және тәрбиеленушілердің Алматыда білім алуын жалғастыруын қамтамасыз етуді міндеттегенін жазды.

Президенттің нақты тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Мемлекет басшысы бұл жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі тарапынан қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық құқығы заң аясында толық қорғалатыны атап өтілді.