Еуропаның даму және қайта құру банкінің бұрынғы президенті Сума Чакрабарти Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық әріптестік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болады.
Бұл туралы ЕДҚБ-нің экс-басшысы Twitter желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
"Президент Шавкат Мирзияевқа реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесетін сәтті асыға күтемін", – деп жазды Сума Чакрабарти.
Сонымен бірге ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлады.
Сума Чакрабарти Еуропаның даму және қайта құру банкін 2012-2020 жылдар аралығында басқарған.
Еске салайық, биыл шілде айында президент Шавкат Мирзияев Сума Чакрабартиді "Дустлик" орденімен марапаттаған еді.