Жиырма жастағы Иманбек Зейкенов президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдында өнер көрсеткен сәт туралы айтты.
ORDA порталының журналисіне сұқбат берген диджей өткен жылы желтоқсан айында астанада жастар жылының жабылуына қатысқанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik.
"Мен президент алдында өнер көрсеттім, қатты ұялдым. Мен сахнаға шығып, пультте әуен ойнап тұрғандай кейіп таныттым. Ал, шын мәнінде, мен еш нәрсе істеген жоқпын. Маған ұйымдастырушылар бір минуттай солай тұру керек екенін айтты. Зал, президент, бәрі маған қарап тұрды. Мен болсам, музыка ойнап тұрғандай болдым. Кейін Introvert сахнаға шығып, мені құтқарды десем болады. Бәрі сол кісіге қарады. Осы жағдай үшін қатты ұяламын", - деді Grammy музыкалық премиясының үміткері.
Иманбек диджей пультінде ойнай алмағандықтан, сахнаға шықпайтынын айтты. Оның орнына DJ Project өнер көрсетеді. Қазір жас музыкант осы саланы меңгеруде. Алдағы уақытта өзі сахнаға шығуды жоспарлап отыр.
Imanbek Rita Ora және David Guetta, сондай-ақ қазақстандық орындаушы The Limba-мен бірге трек жазбақ.