25 қар, 2022 сағат 11:25

Тоқаевты ұлықтау рәсімі телеарналардан көрсетіледі


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі республикалық телеарналардан көрсетіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 26 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі республикалық телеарналарда, интернет-ресурстарда, сондай-ақ, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарының тікелей эфирінде көрсетіледі", - делінген хабарламада.