Фото: Ақорда
Қырғызстанға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ынтымақ Ордо» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшыларын қарсы алу кезінде екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы сап түзеді. Президент Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров сарбаздардың алдынан жүріп өтті.
Одан кейін қос ел басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөздер залына бет алды.
