Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Бұл туралы Президентітң баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Сапар барысында Мемлекет басшысының Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады", - деп жазады Берік Уәли.