23 қар, 2022 сағат 15:52

Тоқаев жұмыс сапарымен Ереванға барды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұмыс жоспарына сай өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады", - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ саммитіне Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері қатысады деп жоспарланып отыр. Кездесуге ҰҚШҰ бас хатшысы да қатысады. Ол бұған дейін алдағы уақытта өкілеттік мерзімін арттыру қажет деп санайтынын мәлімдеген. Оның мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Сәрсенбі күні ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде бас хатшыны ротациялау мәселесін қарайды.

Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелері талқыланады. ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болмақ. Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданады деген жоспар бар.