Фото: Владислав Лоншаков, Коммерсантъ
20 қазақстандық судья қызметінен кетті. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.
Ресми құжатқа сәйкес, 35 судья қызметінен босатылған:
- 20 - отставкаға кетуіне байланысты;
- 5 - басқа қызметке сайлануына байланысты;
- 5 - өз өтініші бойынша;
- 2 - басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
- 1 - судья лауазымын атқару үшін шекті жастың жетуіне байланысты;
- 1 - зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты;
- 1 - судьяны тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
- Аудандық соттың 1-төрағасы – өз өтініші бойынша.
Қызметтен босатылған және тағайындалған судьялардың толық тізімі Жоғарғы Сот сайтында жарияланған.
Ресми құжатта республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 80 судьяны тағайындау туралы да айтылады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.