15 қаз, 2019 сағат 12:51

Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.