22 сәу, 2019 сағат 14:00

Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазады ҚР Президенті Твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Украинада президент сайлауының екінші туры өтті.

Украина орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сайлау бюллетеньдерінің 95,06%-і өңделген. Екінші турдың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 73,17%-і шоумен Владимир Зеленскийге, 24,66%-і қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген.

Львов облысынан басқа, елдегі барлық дерлік сайлаушы өз даусын Зеленскийге беріпті. Ал Львов облысында Петр Порошенко сайлаушылардың 62%-ін, ал Зеленский 34%-ін жинаған.

ОСК мәліметінше, сайлау бюлллетеньдерінің 2,32%-і жарамсыз деп танылды.