Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Түрікменстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімдерді ратификациялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:
- "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына.