Фото: gov.kz
Тоқаев ҰҚК басшысының екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.