Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"12 желтоқсанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.