06 ақп, 2023 сағат 17:06

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Фото: Dr. Omar Suleiman в Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", - делінген хабарламада.