Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Президент бауырлас халықтың Ұлт көшбасшысын Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қатынастарының деңгейі жоғары екеніне назар аударып, энергетика, көлік-транзит, мәдени-гуманитарлық салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі қарастырды.
Әңгімелесу барысында өңірлік ықпалдастық мәселелеріне және алдағы уақытқа жоспарланған бесжақты форматтағы іс-шараларға айрықша мән берілді.