Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан келген, Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын енгізу туралы хатқа жауап жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент өз жауабында Қазақстанның АҚШ үшін сенімді сауда және инвестициялық серіктес екенін атап өтіп, екі ел арасындағы әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуға бейілді екенін жеткізді.
Тоқаев Қазақстан тарапы сауда мәселелерін шешуде конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін айтты және бұл мәселеде ортақ келісімге келуге болатынына сенімді екенін білдірді.
Бұған дейін Дональд Трамп қазақстандық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізетінін хабарлағанын жазғанбыз.
