Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды.