Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, хабарламада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізетіні айталған.