04 жел, 2019 сағат 16:49

Тоқаев "Шыңжаңға қатысты көп ақпарат шындыққа жанаспайды" деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев германиялық Deutsche Welle басылымына сұқбат беріп, "Шыңжаңдағы қазақтарға қысым жасалып жатыр" деген ақпаратқа қатысты ойын айтты.

- Біріншіден, Шыңжаңда Қытай азаматтары тұрады. Халықаралық ұйымдар ұсынып жатқан көптеген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қалай болғанда да этникалық қазақтарға қатысты осы тақырыптың айналасында әдейі шу шығарып жатқан сияқты. Біз мұны геосаясаттың бір бөлігі екенін жақсы түсінеміз, себебі Қытай мен АҚШ арасында қазір сауда соғысы жүріп жатыр. Бұл қалай аяқталатынын, Қытайға қатысты санкциялар алына ма я қала ма, ол жағын уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан антиқытайлық фронттың бір бөлігіне айналып кетпеуі тиіс, - деді Тоқаев.