Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
“Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда сайтында.
Еске сала кетсек, 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді.
«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында» делінген хабарламада.
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен РФ Сыртқы барлау қызметі академияларын бітірген.
- 2000-2006 жылдары – ҚР ҰҚК органдарында офицерлік құрамындағы қызметте болды.
- 2006-2008 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.
- 2008-2010 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2010-2013 жылдары - ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы, Астана бойынша департаментінің бастығы.
- 2013-2015 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
- ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін 2015 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді.
Айта кетейік, 43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Генерал-лейтенант шені бар.