25 қар, 2022 сағат 17:10

Тоқаев ресми сапармен Ресей мен Францияға барады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 28 қарашада Ресей Федерациясына барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

29-30 қарашада Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар, Тоқаев Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.