Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.
Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.
Айта кетейік, Ресей президентін сайлау 15-17 наурыз аралығында өткен болатын. Оған төрт үміткер қатысты: қазіргі Мемлекет басшысы Владимир Путин, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий, КПРФ-дан Николай Харитонов және "Жаңа адамдар" партиясынан Владислав Даванков.