24 қар, 2017 сағат 10:26

Тоқаев: "Психикалық ауытқулары бар Атамбаевтың сауығып кетуін тілеймін..."

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа астарлы әжуамен сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Викиликсте АҚШ елшісі Янганың түрік дәрігерлеріне сілтеме жасай отырып, Атамбаевтың психикалық ауытқулары мен алкогольге деген құмарлығы бар екені жайлы хабарламасы жарияланды. Онда барлығы түсінікті! Оған сауығып кетуін тілеймін". - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін, 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті.