Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оралман сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деп жазады Президент twitter парақшасында.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру - біздің парызымыз» деген болатын.