14 қар, 2023 сағат 16:28

Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
  • Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.