20 қаз, 2022 сағат 12:10

Тоқаев несие мәселесі бойынша ұсынысын жариялайды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды мәселенің біріне тоқталып, таяуда ұсынысын жариялайтынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президенттің Жетісу облысына жұмыс сапары басталған еді.