Фото: Akorda.kz
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.