Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.