Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасындағы «Вести недели» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Телеарна тілшісі Мемлекет басшысына «Қазақстан Президенті болуы қиын ба?» деген сауал қойды.
«Қиындығы да бар, алайда ең бастысы - бұл жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғандығы туралы жауапкершілікті түсіну - бұл ең маңызды. Әрине, жауапкершілік адамның ісін тәртіпке салады. Сонымен бірге, біздің Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңесу мүмкіндігім бар. Менің ойымша, қазақша транзиттің маңызы дәл осындай деп білемін», - деді Мемлекет басшысы.