ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол - рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.