Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті.
Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.