14 нау, 2022 сағат 11:54

Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!" - деді ол.