23 мау, 2020 сағат 09:02

Тоқаев: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жартысына жуығы сапалы ем алады

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жартысына жуығы сапалы әрі тиімді ем алады. Бұл туралы «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Індет қайта өршіген жағдайда, оның ауқымы кеңейген кезде сіздерге қорғаныс костюмдер, қажетті препараттар, төсек-орын жетіспейді, өзге де қиындықтармен бетпе-бет келесіздер. Бұл проблемаларды таяу уақыттың ішінде шешеміз. Үкіметке шұғыл түрде бұл жағдайды дұрыстау туралы нақты тапсырма берілген. Қазір барлықтарыңызға парыз бен медициналық антқа адалдықтарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазақстанда 100 мың азаматқа шаққанда ауырғандардың саны 80-нен сәл ғана асады. Бұл әлемдік статистика сәйкес, орташа көрсеткіш саналады. Тым жаман болмаса да, өте жақсы емес. Біз ауруға шалдыққандардың статистикасын мұқият қадалағап отырмыз. Бірақ, сауығып шыққандардың статистикасын жиі естен шығарып аламыз», - деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысы ауырғандардың шамамен жартысы сапалы әрі тиім ем алатындығын және бұл барлық медицина қызметкерлерінің еңбегі әрі жұмыстарының көрсеткіші екендігін баса айтты. 

«Ауырғандардың басым бөлігінің коронавирустан сәтті емделіп шығатындығына сенімдімін. Күні кеше ғана өз Жарлығыммен бір топ медицина қызметкерінің жанқиярлық жұмыстарын ынталандыру мақсатында мемлекеттік ордендермен және медальдармен марапаттадым. Осы адамдардың атынан еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.