Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлық мәтінінде.