20 нау, 2024 сағат 10:52

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақырды


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды", – делінген хабарламада.


Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 24-25 сәуір күндері Астанадағы президенттік орталықта өтеді.