22 қаз, 2022 сағат 17:39

Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" Жарлығымен:

  • полиция генерал-полковнигі арнаулы атағы: Ахметжанов Марат Мұратұлына;
  • генерал-лейтенант әскери атағы: Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлына;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Бектенов Олжас Абайұлына;
  • полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Сөнтаев Қайрат Имятұлына;
  • генерал-майор әскери атағы: Базарбаев Қуанар Бекенұлына, Қабақов Нұртас Дәулетұлына;
  • ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Алтынбаев Әли Сапарғалиұлына, Құнанбаев Берік Садықұлына;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлына;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы: Сүлейменов Қанат Тұрсымбайұлына;
  • экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Бижанов Қайрат Жақиянұлына;
  • полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Скляр Василий Васильевичке;
  • азаматтық қорғау генерал-майоры арнаулы атағы: Дербісов Нұрболат Бекболатұлына;
  • 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Майлыбаев Айдос Серікханұлына, Нұрлыбай Сәбитке берілді.