23 қаң, 2025 сағат 20:36

Тоқаев Грек және Кипр Республикаларына елші тағайындады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Грек және Кипр Республикаларына елші тағайындады, деп хабарлайды Ult.kz.                   

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Тимур Шәмілұлы Сұлтанғожин Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Николай Владимирович Жұмақанов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.