14 шіл, 2021 сағат 18:47

Тоқаев еңбек демалысын қалай өткізіп жатыр? (Фото)


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысын қайда өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр", - делінген жазбада.

Оның айтуынша, Президент елордаға сенбіде оралады.