Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі полиция қызметкерін марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІI дәрежелі "Айбын" орденімен награтталды:
- Әріпжанов Арман Талғатұлы – Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті "Тұран" ауданының полиция басқармасының жедел уәкілі;
- Қоңысов Бекен Кеңесұлы – Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.