03 қар, 2023 сағат 15:23

Тоқаев: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси жағдай мен Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес. Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесін реформалау ісінде мейлінше сындарлы болу қажет. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек.

Әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болғаны жөн. Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.