24 қыр, 2019 сағат 20:17

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74 сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жалпы дебаттардың ашылуы барысында БҰҰ-ның Бас хатшысы, Бразилия, АҚШ, Мысыр, Түркия, Нигерия, Мальдив, Катар, Швейцария, Хорватия, Боливия, Иордания, Оңтүстік Корея, Буркина-Фасо, Франция, Чили, сондай-ақ, Босния және Герцеговиния елдерінің көшбасшылары сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебаттарында Нью-Йорк уақыты бойынша 24 қыркүйектің екінші жартысында, сағат 17.30-да сөз сөйлейді деп жоспарлануда.