21 қаз, 2022 сағат 10:15

Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.